«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында ел өңірлерінде 21 білім беру нысанын салу көзделген. Балалардың сапалы білім алуға және қажетті кешенді қолдауға қолжетімділігін кеңейту үшін 20 өңірде оңалту және сауықтыру кабинеттері бар жаңа форматтағы 20 инклюзивті мектеп-кешен салу жоспарланып отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, қолданыстағы білім беру инфрақұрылымы да жаңартылуда. 2019-2026 жылдары 1 916 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектептерді жаңғырту жұмыстары қолға алынды. 2023-2025 жылдары шағын қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдық жерлердегі 3 008 мектеп ауқымды жаңғыртудан өтті. 2021-2026 жылдары 8 384 пәндік кабинет сатып алынды.