Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді

Павлодар облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде интернет-алаяқтықтың бірқатар дерегін жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Топ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған келісілген схема бойынша әрекет еткен.

– Полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Бүгінде тергеу барысында тоғыз жәбірленуші анықталды, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрайды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов. 

Бұл ретте құқық қорғау органдары қылмыс эпизодтары мен жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайын, күдіктілердің әрқайсысының рөлін, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ осындай схемаларды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін жолын кесу жұмыстары полицияның ерекше бақылауында. Полиция азаматтарды интернет арқылы қаржылық операциялар жасау кезінде қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және бөгде адамдарға жеке деректерін, банк реквизиттері мен SMS-кодтарын бермеуге шақырады. Жалпы, есепті кезеңде өңірде интернет-алаяқтықтың 1337 фактісі тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31% төмен. Мәселен, жедел қызметкерлер SIM-карталарды заңсыз іске қосуға және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдарды ұстады. Заңсыз айналымнан 120-дан астам мобильді құрылғы, 500 абоненттік SIM-карта, 39 банк картасы және екі SIM-box құрылғысы тәркіленді. Жалпы, интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен шамамен 33 күдікті ұсталды, олардың ішінде үш кәмелетке толмаған жасөспірім бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды