Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайып келеді

Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда біліммен де, еңбекпен де айналыспайтын жастардың үлесі (NEET санаты) біртіндеп төмендеп келеді. 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6,4 пайыздан 5,8 пайызға дейін азайып, 39,3 мың адамға жетті. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды көрсетіп отыр. Бұл туралы қаланың жастар саясаты басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір мегаполисте 14 пен 35 жас аралығындағы 712 мыңнан астам жас тұрады. Бұл қала халқының шамамен үштен бірі. Жастарды қолдау мақсатында шаһарда білім беру, жұмыспен қамту және тұлғалық даму бағытында жүйелі жұмыс қолға алынған.

Жастар саясатының басты басымдықтарының бірі сапалы білім беріп, кейін еңбек нарығында өз орнын табуға мүмкіндік жасау. Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 210 мыңнан астам студент білім алып жүр. Қалалық мансап орталығы 5 мыңнан астам жасқа бағыт-бағдар беріп, жұмысқа орналасуына жәрдемдескен. 2025 жылдың басынан бері Еңбек мобильдігі орталығы арқылы 8,4 мың жас жұмыспен қамтылған, оның 4,9 мыңы тұрақты, 3,5 мыңы субсидияланған жұмыс орындарына орналасқан.
Сонымен қатар Алматыда жастарды қолдауға бағытталған бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Skill All жобасы аясында офлайн форматта қолданбалы дағдыларға үйрету курстары өткізіледі; Jasalmaty.kz порталы арқылы онлайн-оқыту және жұмыс іздеу қызметтері қолжетімді; New Generation Leaders карьералық олимпиадасы мен жетекші жұмыс берушілер қатысатын карьера күндері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жастарға маусымдық жұмыс ұсынатын ұлттық «Жасыл ел» жобасы да жалғасып келеді.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, осы бағдарламалардың нәтижесінде 10 мыңнан астам жас түрлі оқыту курсынан өтіп, 18 мыңнан астамы жұмысқа орналасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті