Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, еліміздің солтүстігінде көктайғақ құбылыстары болжанады. Ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.