Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында 9 жастағы бала көлік тізгіндеген: ата-анасы жауапқа тартылды

Қызылорда облысында 9 жастағы бала көлік тізгіндеген: ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында 9 жастағы баланың Toyota Sienna автокөлігін басқарып жүргені анықталды. Оқиға Арал ауданында күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында баланың көлік тізгінінде отырғаны бейнеленген видеоны анықтаған. Тексеру кезінде автокөліктің баланың әкесіне тиесілі екені белгілі болды. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен ата-анасына айыппұл салынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Тәртіп сақшылары автокөлік кілттерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтап, кәмелетке толмағандардың көлік басқаруына жол бермеу қажеттігін ескертті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды