Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміртауда полицейлерден қашпақ болған жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Теміртауда полицейлерден қашпақ болған жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Теміртауда Toyota автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, қашуға әрекеттенді. Алайда көп ұзамай тәртіп сақшылары оны қолға түсірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 20 қараша күні сағат 03:30 шамасында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Патрульдік полиция қызметкерлері Toyota автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші олардың талабын орындамай, тұрғын үй алабына қарай қашып кеткен. Тексеру барысында ер адамнан масаңдық белгілері байқалған. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Аталған фактілер бойынша жүргізушіге қатысты полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамау және медициналық куәландырудан өтуден бас тарту деректері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді. Істі қараған Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 8 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар полицияның тоқтау туралы талабын орындамағаны үшін оған 174 мың теңге айыппұл салынды.

— Полицейлерден қашу жауапкершіліктен құтқармайды. Керісінше, мұндай әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе, масаңдық белгілері байқалған жүргізушілердің медициналық куәландырудан бас тартуы алаңдатады. Көлік басқару – үлкен жауапкершілік. Әрбір жүргізуші өз өмірімен қатар, айналасындағылардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз, – деді Асет Буланбаев.

Жыл басынан бері Теміртау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарудың 75 дерегін анықтаған. Сонымен қатар 19 жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қызметкерлердің заңды талаптарын орындау қажеттігін ескертеді. Медициналық куәландырудан бас тарту да заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды