Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа өндіріс, оқу корпустары мен жолдар: Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Жаңа өндіріс, оқу корпустары мен жолдар: Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан өңірлерінде өнеркәсіптік, әлеуметтік, спорттық, көлік инфрақұрылымын және шұғыл ден қою қызметтерін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бір апта ішінде елімізде газ баллондары мен клапандар шығарыла бастады, IT-лицей-интернатының ғимараты ашылып, стадион жаңартылды, автожол учаскелері жөнделіп, өртке қарсы және шұғыл қызмет нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында жөндеуден кейін жалпы ұзындығы 56,7 шақырымдық «Астана – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының екі учаскесі ашылды. Осы жылы өңірде жалпы ұзындығы 163 шақырым болатын республикалық автожолдардың бес учаскесі жөнделді.

Көкшетауда газ баллондары мен оларды қауіпсіз пайдалануға арналған клапандар өндірісі іске қосылды. Жаңа өнімдер ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған. Тек Ақмола облысының өзінде 220 мыңнан астам газ баллоны пайдаланылатынын ескерсек, бұл жоғары сұраныстың нәтижесінде өндіріс көлемі одан әрі арта түсетінін білдіреді.

Таразда әрқайсысы 300 орындық IT-лицей-интернатының оқу корпусы мен жатақханасы ашылды. Жаңа ғимараттар оқушылардың білім алуына және тұруына, сондай-ақ олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыта түсу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Үш блоктан тұратын кешенге асхана, спорт және акт залдары, сондай-ақ кітапхана кіреді.

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында реконструкция жұмыстарынан кейін «Жастар» стадионы пайдалануға берілді. Нысан спорт залымен, FIFA стандарттарына сай футбол алаңымен, ұлттық спорт және жаттығу алаңдарымен, жүгіру жолдарымен және экстремалды спорт түрлеріне арналған аймақпен жабдықталған.

Қазақстан өңірлерінде өртке қарсы және шұғыл қызметтің жаңа нысандары ашылуда. Мәселен, Қостанай облысының Приречное ауылында өрт сөндіру автокөлігі және жауынгерлік киімдері бар «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады, Ақмола облысының 370 адам тұратын Кенащы ауылында да «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті ашылды, бұл еліміз бойынша осындай 326-шы нысан. Ал Шымкент қаласында жедел қызметтердің бірыңғай кешені жұмыс істей бастады, онда өрт сөндіру бөлімі, полиция және жедел жәрдем пункттері біріктірілген. Кешен Жаңаталап тұрғын үй алабындағы 11,2 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды