Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында бос жатқан жерлерге 60 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматы облысында бос жатқан жерлерге 60 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. 2022 жылдан бері өңірде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 563,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал жер қоры есебіндегі алқаптарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жер көлемі 585,2 мың гектарды құрады. Оның 240,4 мың гектары шаруаларға берілді. Бұл алқаптардың 9,8 мың гектары – егістік, 230,6 мың гектары – жайылым. Бұдан бөлек, 291,7 мың гектар жер ауыл тұрғындарына мал жаюға, ал 53,1 мың гектар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінді.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерде өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, қайта өңдеу және туризм салаларын дамытатын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бес жобаның жалпы құны – 60,2 млрд теңге. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ең ірі жоба Қонаев қаласында жүзеге асады. Мұнда 35,2 млрд теңгеге ірімшік зауыты салынып, 250 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ал Алатау қаласында 11,7 млрд теңгеге икемді қаптама өндіретін кәсіпорын ашу жоспарланған. Бұл жоба толық жүзеге асса, 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ Іле ауданында 7 млрд теңгеге өндірістік-логистикалық кешен салу көзделген. Ал Еңбекшіқазақ ауданында базальт мақтасын өндіретін зауыт іске қосылады. Жалпы құны 5 млрд теңге болатын жоба аясында 100-ге дейін жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, Қонаев қаласында 1,3 млрд теңгеге «Alatau Eco Resort» демалыс аймағы салынады.

Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахмановтың айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекетке қайтару жұмысы тұрақты бақылауда.

«Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін ғарыштық мониторинг пен «JerInSpectr» платформасы қолданылады. Ғарыштан алынған деректер алдымен аудандық және қалалық әкімдіктерге жіберіліп, сол жерде тексеріледі. Жердің пайдаланылмағаны расталған жағдайда жер пайдаланушыларға кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріледі. Талаптар орындалмаса, заңнамада белгіленген тәртіппен жерді қайтару мәселесі қаралады», – деді Аманжол Әбдірахманов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды