Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін алты камераны зақымдаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін алты камераны зақымдаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Оқиға Омбы – Майқапшағай автожолында болған. Мотоциклмен келген ер адам жол бойындағы аркалы құрылымға жақындап, оған орнатылған алты камераның корпусын қасақана зақымдаған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда зақым келтірілгеніне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін құрылғылар штаттық режимде жұмысын жалғастырған. Полиция қызметкерлері жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жақын маңдағы елдімекендердің бірінің 31 жастағы тұрғыны болып шықты. ВИДЕО Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Келтірілген материалдық залалдың мөлшері анықталды. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай құқыққа қайшы әрекеттер заң аясында тиісті бағасын алады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды