Соңғы үш жылда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде.
«Соңғы жеті жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1 483 бірлікке ұлғайды. Инфрақұрылымды кеңейту жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы ұйымдарды реконструкциялау және олардың қуаттылығын арттыру, сондай-ақ жаңа мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар ашу есебінен жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.