Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығының жұмысымен және жылу желілерін жаңғырту барысымен танысты. 1952 жылы пайдалануға берілген жылу электр орталығы қала тұрғындарын, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз ететін негізгі нысан болып саналады.  2024 жылы стансадағы №7-12 қазандықтар жаңғыртылып, технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған ТГ-6 турбинасы қайта іске қосылды. 

Қаланы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру үшін 14,5 шақырым магистральдық және 14,6 шақырым орамішілік жылу желілері қайта жаңғыртылуда. 

Түркістан қаласындағы заманауи медициналық нысандарды аралау алдымен 80 орындық №3 перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратынан басталды. Жоба Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында «Абу-Даби» даму қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Кешен төрт блоктан тұрады, жүктілік патологиясы бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім, босану және операция залдары, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, сондай-ақ шала туған нәрестелерді күтуге арналған орындар қарастырылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталған. Медициналық жабдықтарды сатып алу екі кезеңмен жүргізіледі, бүгінгі қамтамасыз ету деңгейі 75%. Нысанды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, іске қосылғанда 70 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасуда. Қазір нысанның дайындық деңгейі 88%, мұнда 300 адам еңбек етуде. Бұдан бөлек, Нұрлыбек Нәлібаев Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 26 бес қабатты тұрғын үйді аралап көрді. Тұрғын үйлердің құрылысына 28,2 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары өткен жылы шілдеде басталып, биылғы мамырда аяқталған. Жаңа тұрғын үйлерде 1 039 пәтер бар. 

Сапар қорытындысы бойынша жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдерді сақтау, Кентау қаласының жылу желілерін жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін шешу, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды