Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне бағынбай, олардың жұмысына кедергі келтірген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға барысында азамат Алтай Аманқосов полицейлердің құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату туралы бірнеше мәрте қойған заңды талаптарын орындамаған. Керісінше, жанжал шығарып, полиция қызметкерлерімен сөзге келіп, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген. Осыған байланысты азамат полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция азаматтарға қызметкерлердің заңды талаптарын орындау міндетті екенін ескертеді. Олардың әрекеттерімен келіспеу қоғамдық тәртіпті бұзуға, жанжал шығаруға немесе қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіруге негіз болмайды. Полиция қызметіне заңсыз кедергі келтірген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды