Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балаларға арналған жаңа әндер жинағы жарық көрді

Астанада балаларға арналған жаңа әндер жинағы жарық көрді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Бәрі – сен үшін, жас ұрпақ!» атты балалар әндерінің жинағы таныстырылды. Оған елордада еңбек ететін 16 композитордың шығармалары енгізілген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жинақтың тұсаукесері Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Музыкалық жинаққа Отан, туған жер, отбасы, достық, табиғат және ұлттық құндылықтар тақырыбындағы әндер енген. Бастаманың негізгі мақсаты – балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру, ұлттық өнерді насихаттау және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Тұсаукесер барысында Әдістемелік орталықтың басшысы Сындар Дауешова жобаның маңызына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ақын Әкім Ысқақ пен композитор Кентау Назарбек сөз сөйледі.

Іс-шарада №70 мектеп-лицейінің оқушысы Оралғазы Әділжан композитор Қанат Едресовпен бірге жинаққа атау болған «Бәрі – сен үшін, жас ұрпақ!» әнін орындады.

Жаңа жинақ елорданың білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысына пайдалануға ұсынылады. Әндер музыка пәні мұғалімдері мен жас орындаушылар үшін әдістемелік және шығармашылық құрал болмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба балалардың музыкалық талғамын қалыптастырып, қазақ өнері мен ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды