Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл 380 мыңнан астам жас алматылық комьюнити орталықтарға барды

Биыл 380 мыңнан астам жас алматылық комьюнити орталықтарға барды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың басынан бері Алматыда тұратын 380 мыңнан астам жас комьюнити орталықтардың қызметін пайдаланды. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған заманауи кеңістіктер, мұнда олар білім алып, жұмысқа орналасып, әлеуметтік және психологиялық қолдау ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кезеңде орталықтарда 1,6 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Жастар қала өмірінің мәдени, білім беру, экологиялық және еріктілік бағыттарына белсенді қатысып келеді. Әр ауданда жергілікті жастардың қызығушылығы мен көзқарасын көрсететін жеке комьюнити құрылып келеді. NEET санатындағы (оқымайтын және жұмыс істемейтін) жастарға ерекше көңіл бөлінген.

Мәселен, биыл 6,2 мыңнан астам адамға еңбекке орналасу жөнінде кеңес беріліп, 3,9 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа тұрды. Сондай-ақ, 1 мыңға жуық жасқа психологиялық, ал 1,3 мыңнан астам өтініш бойынша заңгерлік көмек көрсетілді.

Комьюнити орталықтардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылған: жастардың әлеуеті бағаланып, жеке даму бағыты айқындалады, оқу мен тәлімгерлік бағдарламаларға және әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Әр орталық өз ауданының ерекшелігі мен жастардың сұранысына сай жобаларды жүзеге асырады.

Қалалық жастар саясаты басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін әр ауданда екіден орталық ашылып, олардың жалпы саны артады.

Бүгінде Алматыда қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 11 комьюнити орталық жұмыс істейді. Бұл жай ғана коворкингтер емес, жастардың пікір алмасып, мүмкіндігін дамытып, көмек ала алатын орталық алаңдары. Мұнда психологиялық және заңгерлік кеңес алып, кәсіби бағдардан өтіп, түрлі шебердің дәрісіне, тренинг және зияткерлік ойындарға қатысуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті