Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны жұмыс істейді

Алматының сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны жұмыс істейді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026-2027 жылғы қысқы маусымда Алматыда ашық аспан астындағы 19 мұз айдынын ашу жоспарланып отыр. Қалалық Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мұз айдындары қаланың барлық сегіз ауданында ашылады. Оның 12-сі тегін болады.

Мұз айдындары саябақтарда, ірі спорт ареналарының маңында, сауда орталықтары мен тұрғын алаптарда ашылады. Олардың жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады.

Биыл алғаш рет бес тегін мұз айдыны Flow Park аумағында, Алматы ипподромында, Шұғыла шағынауданындағы №221 мектепте, Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта және «Сұңқар» шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде жабдықталады.

Мұз айдындары қайда ашылады?

* Алатау ауданында – «Алматы Арена» аумағында;
* Алмалы ауданында – ҚБТУ аумағында;
* Әуезов ауданында – Family Park саябағында;
* Бостандық ауданында – Ганди көшесіндегі Тұңғыш Президент қорының саябағында, Flow Park-та, «Сұңқар» шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде, Esentai Mall, Villa Boutiques & Restaurants және MEGA Alma-Ata сауда орталықтарында;
* Жетісу ауданында – Алматы ипподромында және Көкжиек шағынауданындағы Kokjiek Garden аумағында;
* Медеу ауданында – «Терренкур» саябағында, «Халық Аренада», 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта, Dostyk Plaza сауда орталығында, Haragun ат клубында және Орталық мәдениет және демалыс саябағында;
* Наурызбай ауданында – Шұғыла шағынауданындағы №221 мектеп аумағында;
* Түрксіб ауданында – Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта.

Мұз айдындарын желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр. Нақты мерзімі ауа райына байланысты белгіленеді.

Тегін мұз айдындарының жұмыс кестесі

Тегін мұз айдындарында күн сайын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін сырғанауға болады. Әр алаңда көпшілікке арналған төрт сырғанау сеансы ұйымдастырылады. Әрбір сеанс 2,5 сағатқа созылады.

* 10:00-12:30
* 13:30-16:00
* 17:00-19:30
* 20:30-23:00

Сеанстар арасындағы үзілісте мұз келесі сырғанау уақытына дайындалады. Тегін мұз айдындарына келушілер конькиімен сырғанай алады немесе конькиді ақылы түрде жалға ала алады. Конькиді жалға алу құнын қызмет көрсетуші ұйымдар белгілейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды