Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Four Seasons ТҮК инфрақұрылымы бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырды

Дархан Сатыбалды Four Seasons ТҮК инфрақұрылымы бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Журавлев көшесі, 26 және 28-де Four Seasons тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кешенді пайдаланудың негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе, жалпы алаңы 7 мың шаршы метрден асатын паркингке аударылды. Бүгінде оның бір ғана кіру және шығу жолы бар, көлбеу биіктігі 45 градустан жоғары, бұл тұрғындарды алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тіпті жеңіл көліктің кіруі қауіпті, ал төтенше жағдайда адамдарды эвакуациялауға қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ, тұрғындар инженерлік желілерді беру мәселесін көтерді. Талқылау қорытындысы бойынша әкім екі апта ішінде трансформаторлық қосалқы станция бойынша құжаттарды ресімдеуді аяқтауды және оны «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ балансына беруді, әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жеті күн ішінде екінші блоктың паркингін пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға коммуналдық қызметтермен бірлесіп кәріз жүйесі бойынша кемшіліктерді жоюды, содан кейін «Алматы су» ЖШС балансына желілерді қабылдауды тапсырды. Ал Қала құрылысын бақылау басқармасы ауданы 7 мың шаршы метр паркингтің қауіпсіздігін көлікпен кіріп-шығып тексереді.

«Әкімдіктің құзыретіне кіретін барлық мәселе - трансформаторлық қосалқы станция, кәріз және кәріз сорғы станциясы шешіледі. Бұл ретте пайдаланудың ішкі мәселелері МИБ құзыретіне жатады және тұрғындар оларды меншік иелерінің бірлестігі деңгейінде шешуге тиіс», - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Құрылыс салушылар анықталған кемшіліктерді тез арада жоюға және тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды орындауға міндеттенді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті