Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Алатау ауданында инженерлік желілердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды

Алматы әкімі Алатау ауданында инженерлік желілердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Айгерім-1,2» және «Шаңырақ-1» шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар ауызсу және кәріз желілерінің құрылысы баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді.

«Айгерім-1,2» шағынауданында тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Су құбырының жалпы ұзындығы – 104,5 шақырым, кәріз желісі – 29,5 шақырым. Қала әкімі жұмыстың орындалу қарқынына көңілі толмай, бақылауды күшейтуді тапсырды. Құрылысты аяқтау келесі жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды көшелерді асфальттауды соза бермей, желі құрылысы біткен аумақтарға жол жабындысын кезең-кезеңімен төсеуді, ал жұмыс әлі жүріп жатқан учаскелерде уақытша асфальт қиыршығын пайдалануды тапсырды.

Сонымен қатар «Шаңырақ-1» шағынауданында тұрғындармен кездесу өтті. Мұнда да тарату желілерін салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба бойынша ұзындығы 45,7 шақырым су құбыры, 53,8 шақырым кәріз желісі және 10 кәріздік-сорғы станциясы салынып, 2,2 мыңнан астам тұтынушы қамтылуы тиіс.

Тұрғындар жобаның ұзаққа созылғанына шағымданды. Алматы әкімі жұмысты екі ай мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша бастапқы жобаға кірмеген төрт көшеге асфальт төселеді. Инженерлік желілер тартылып біткен учаскелерде де кезең-кезеңімен жол жабындысы төселеді.

Жергілікті халық жол қауіпсіздігі, көше жарығы, балалар алаңқайларын салу және өзге де мәселелерді көтерді. Дархан Сатыбалды жауапты басқармаларға оларды шешу жолдарын қарастырып, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті