Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады

Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурызбай ауданында биыл Рахат шағынауданында жаңа саябақ аймағын құру жұмыстары басталды. Жаңа жайлы саябақ аудан тұрғындары үшін көптен күткен демалыс орнына айналмақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша саябақтың құрылысы биыл аяқталады.

Жобаның тарихы 2023 жылы басталды. Сол кезде Наурызбай ауданы әкімдігінің бастамасымен 1,5 гектар жер телімін алу рәсімі жүргізілген. Аталған жер Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жанында орналасқан. Жоспар бойынша Қызыл кітапқа енген ағаштарды сақтай отырып, саябақ салу көзделген. Кейін жердің иесі ауысып, ол «BI Development» құрылыс компаниясына өтті. Компания қол қойылған меморандум аясында «BIOGRAPHY» деп аталатын ландшафтық саябақ жобасын жүзеге асыруға міндеттенді.

Жобада бар ағаштарды сақтау, ыңғайлы жүргіншілер жолдарын салу және табиғи элементтерді саябақ тұжырымдамасына үйлесімді енгізу ерекше назарға алынған.

«Біздің ауданымызда саябақтар жетіспейді. Енді балаларымызбен серуендеп, отбасымызбен тынығатын әсем орынның салынатыны өте қуаныштымыз», – дейді Рахат шағынауданының тұрғыны.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді