Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Елордада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Елордада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жолдағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстайды. Кезекті бақылау барысында DEEPAL автокөлік жүргізушісінің қиылыста қауіпті маневр жасап, дрифт орындағаны бейнекамераларға түсіп қалған. Жүргізушінің әрекеті жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Бейнежазбаларды зерделеу нәтижесінде автокөліктің маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірі анықталып, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік құралын тоқтатып, 19 жастағы жүргізушіні анықтады.

Тексеру барысында жас жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, сағат 19:00 шамасында Нәжімеденов көшесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі, сағат 19:20 шамасында Жұмабаев көшесінде 595-бабының 1-бөлігі, сондай-ақ сағат 03:00 шамасында осы көшеде 630-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Бұдан бөлек, жүргізушінің әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша да әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен  жүргізуші 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Ал көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды. Полиция қоғамдық жолдар дрифт жасауға, қауіпті маневрлер көрсетуге немесе көлік жүргізу шеберлігін сынауға арналған алаң емес екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер бір сәтте қайғылы жағдайға әкеліп, өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды