Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ заңсыз сақталған қаруды тәркілеу жұмыстарын жалғастыруда

ІІМ заңсыз сақталған қаруды тәркілеу жұмыстарын жалғастыруда
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейту, оның ішінде қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 190 дана криминалдық қару бар, оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. 20-22 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Үш күн ішінде 188 атыс қаруы, оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді. 

- Мысалы, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды