Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент халықты баспанамен қамтуда рекордтық көрсеткішке жетті

Шымкент халықты баспанамен қамтуда рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Шымкентте 9 634 пәтер беру жоспарланған. Оның 4 646-сы – жалдамалы, 4 988-і – несиелік тұрғын үй. Бұл ел бойынша рекордтық көрсеткіш. Қалада соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, баспана кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамту жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 4 144 отбасы жаңа баспаналы болды. Оның 2 386-ы несиелік бағыттағы баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында 1 035 көпбалалы отбасы, 120 жетім бала, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 647 азамат және бюджеттік мекемелердің 584 қызметкері бар. Ал жалдамалы тұрғын үймен 1 758 отбасы қамтылды. Оның ішінде 78 көпбалалы отбасы, 317 жетім бала және әлеуметтік осал топтар санатындағы 1 363 азамат бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсімі биыл ақпан айынан бастап қала әкімінің қатысуымен апта сайын тұрақты өткізіліп келеді. Орта есеппен әр аптада 80–100 отбасы баспаналы болуда.Жаңа тұрғын үйлер негізінен Бозарық, Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Құрылыс барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне, қолайлы өмір сүруіне және аулалардың сапалы абаттандырылуына басымдық берілген.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды