Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құқық қорғау органдарының жалған куәліктері: ІІМ заңсыз бизнестің жолын кесті

Құқық қорғау органдарының жалған куәліктері: ІІМ заңсыз бизнестің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Атырау облысында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың жалған қызметтік куәліктерін дайындау және өткізу бойынша заңсыз арнаның жолын кесті,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 800-ден астам жалған қызметтік куәлік және оларды дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін жабдықтар тәркіленді.

- 23 қарашада полиция қызметкерлері Lexus 470 автокөлігін тоқтатқан. Онда төрт ер адам болған. Көлікті тексеру барысында сыртқы түрі тапанша макетіне ұқсас зат пен ҰҚК қызметкерінің қызметтік куәлігі табылды. Тексеру нәтижесінде құжаттың жалған екені анықталды. Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жалған құжаттарды дайындады деген күдікпен Атырау облысының 39 жастағы тұрғынын анықтады, - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Ер адамның тұрғылықты жерін тінту барысында түрлі мемлекеттік органдардың 803 жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Оның ішінде: 606 - ҰҚК 95 - ІІМ 47 - мемлекеттік кірістер органдары 46 - прокуратура 9 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің куәліктері. Сонымен қатар ҰҚК-нің 367 эмблемасы, мөр, компьютерлік техника, принтер, қатқыл диск және жалған құжаттарды дайындау үшін пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жалған қызметтік куәліктерді сатумен айналысқан. Тоқтатылған автокөлікте болған ер адамдардың бірі одан осындай құжаттарды сатып алғаны анықталды. 

- Қазіргі уақытта полиция құқыққа қайшы әрекеттің барлық мән-жайын, ықтимал сыбайластарын және жалған қызметтік куәліктерді сатып алған адамдарды анықтап жатыр. Полиция қызметкерлерінің уақтылы әрі жүйелі әрекеттерінің арқасында қылмыс жасау үшін пайдаланылуы мүмкін жүздеген жалған қызметтік куәліктің одан әрі таралуына жол берілмеді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды