Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 4 млрд-тан астам жұмыртқа өндірілді

Қазақстанда 4 млрд-тан астам жұмыртқа өндірілді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық құс шаруашылығын дамыту, өндіріс орындарын ашу  және агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 млрд-тан астам дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары.

Өндірілген өнім көлемі халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

Жұмыртқа өндірісі  негізінен Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарқынды дамуда. 

Отандық өндірісті одан әрі ұлғайту аясында Шығыс Қазақстан облысында «Altai Qus» құс фабрикасын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру басталды. 

Жобаның инвестициялық көлемі 5,5 млрд теңгені құрайды, ал жобалық қуаты жылына 150 млн дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар халықтың тауық жұмыртқасына деген қажеттілігінің 30%-ын қамтамасыз етеді. «Altai Qus» жобасы толық қуатына шыққаннан кейін өңірдің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 109%-ға жетеді.

Жоба аясында автоматтандырылған өндірістік желілер, цифрлық басқару жүйелері және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи жабдықтар енгізіледі. Сонымен қатар 150-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі құс шаруашылығындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын іске қосу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды