Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында құны 30 млн доллар болатын жаңа өндіріс ошағының іргетасы қаланды

Алматы облысында құны 30 млн доллар болатын жаңа өндіріс ошағының іргетасы қаланды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Іле ауданында «JTI» компаниясының жаңа өндіріс ошағы салынады. Бүгін жалпы аумағы 21 000 шаршы метр болатын кешеннің іргетасы қаланды. Жобаға 30 млн долларға жуық инвестиция тартылып отыр. Құрылыс жұмысы 2028 жылдың басында аяқталады. Бұл салық түсімінің өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«JTI» – елімізде 30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көшбасшы компаниялардың бірі. Соңғы 10 жылда Қазақстан экономикасына 160 млн долларға жуық инвестиция салды. Бүгінде 800-ден астам жергілікті халықты жұмыспен қамтып отыр. 

Салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов пен аталған компания басшылығы нысанның іргетасына уақыт капсуласын салды.

Алғашқы болып Алматы облысының әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңір үшін маңызын атап өтті. 

«Алматы облысы – ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы аймақ. Біз өңірдің осындай іскерлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, әрдайым инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Осы ретте, ширек ғасырдан астам уақыт бойы сенімді әріптес болып келе жатқан «JTI» компаниясының орны бөлек. Бүгін капсуласы салынған жаңа қойма кешені осы ынтымақтастықтың жаңа белесі деп білеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

«JTI» компаниясының аға вице-президенті Филип Ливингстон өңірдегі өндіріс ошағын дамыту ісі жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді. 

«Бүгінде Қазақстанда өндірілген өнімге сұраныс артып келеді. Бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан біз өнімді ішкі нарықпен қатар, шетелдерге де экспорттаймыз. Өндірістің қуатын еселеу үшін қосымша инвестиция құюға дайынбыз. Келесі жылы өнімнің жартысына жуығын экспортқа шығаруды көздеп отырмыз», – деді Филип Ливингстон. 

Жаңа кешенде экологиялық қауіпсіздікті сақтауға ерекше назар аударылады. Ол үшін озық технологиялар мен заманауи логистикалық тәсілдер қолданылады. Атап айтқанда, өндіріс автоматты басқару жүйесімен жабдықталады деп жоспарланып отыр. Бұл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, тез әрі оңтайлы шешім қабылдауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ қалдықтар қайта өңделіп, оның көп бөлігі ауыл шаруашылығы саласында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Ал электр энергиясын қайта жаңғыртылатын көздерден алады. Жаңа кешен іске қосылған соң Орталық Азия мен Моңғолия нарығындағы артып келе жатқан сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды