Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке қамалды

Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы – Орал бағытындағы рейске ұшу алдындағы тексеру кезінде масаң күйдегі жолаушы құқық бұзған. Әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Оралдың 40 жастағы тұрғынын рейстен түсіріп, полиция бөлмесіне жеткізді. Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны, агрессивті мінез-құлық танытып, әуе компаниясы қызметкерлерінің атына балағат сөздер айтып қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Құқық бұзушы алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету Көліктегі ПД қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Көлік полицейлері қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүру, балағат сөздер айту, азаматтар мен әуе кемесі экипажының мүшелерін қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 86 181 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 6 810 дерегі және ұсақ бұзақылықтың 719 дерегі тіркелген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды