Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында балалар алаңы мен стадионды бүлдірген төрт тұрғын ұсталды

Қарағанды облысында балалар алаңы мен стадионды бүлдірген төрт тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында балалар алаңы мен стадион аумағындағы қоғамдық мүлікті бүлдірген төрт тұрғын анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың әрекеті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы әшкереленді. Күдіктілердің бірі — кәмелетке толмаған қыз. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода үш жігіт пен бір қыздың бөбекжай мен стадион аумағындағы көше жиһаздары мен қоршауларды әдейі бүлдіріп жатқаны көрінеді. Жазбаны назарға алған полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оқиғаға қатысы бар адамдардың жеке басын анықтады.

Нәтижесінде 19 жастағы екі жігіт пен 18 жастағы тағы бір тұрғын ұсталды. Олар сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ұсталғандардың бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оқиғаға қатысқан төртінші адамның көршілес мемлекеттің 17 жастағы азаматы екені анықталды. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы ел аумағынан тыс жерде болған. Жасөспірім ұсталғандардың бірінің атына рәсімделген сенімхат негізінде жүрген. Осыған байланысты ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Полиция қоғамдық мүлікті бүлдірудің салдары заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қоғамдық орындардың тазалығы мен бүтіндігін сақтау — баршаға ортақ міндет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды