Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қысқы мерекелер кезінде үш қосымша пойыз іске қосылады

Қысқы мерекелер кезінде үш қосымша пойыз іске қосылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Желтоқсан айындағы мерекелік күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойыз іске қосылады. Қосымша пойыздар сұраныс жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтып, теміржол қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1». Алматы-2 станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

• №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент». Нұрлы жол станциясынан: 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Шымкент станциясынан: 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

• №205/206 «Ақтөбе – Астана-1». Ақтөбе станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

Пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады. Билеттерді https://bilet.railways.kz/ ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды