Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Қазатомөнеркәсіптің” екі топ-менеджерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады

“Қазатомөнеркәсіптің” екі топ-менеджерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады
Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы екі топ-менеджердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады. Бұл оқиға компанияның бірқатар қызметкерінің ұсталғаны туралы қауесеттер аясында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық компания баспасөз қызметінің мәліметінше, директорлар кеңесінің 2026 жылғы 24 қарашадағы шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды: коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожин және өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков.

"Міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған басшылардың функционалдық міндеттемелері компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылатын болады. Компания өндірістік және коммерциялық командалардың толық құрамы жұмысын бұрынғыша жалғастыратынын, сондай-ақ барлық бизнес-процестер мен ағымдағы қызмет әдеттегідей тұрақты түрде жүріп жатқанын мәлімдейді", - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіп" компанияның бизнес-процесстері дербестігімен ерекшеленіп, жоғары деңгейде жүйеленгенін, ал бизнестің тұрақтылығы мен үздіксіздігі қалыптасқан жүйе мен әр деңгейдегі кәсіби командалардың арқасында қамтамасыз етілетінін атап өтті.

"Компания топ-менеджменті акционерлеріміздің күтулеріне сәйкес стратегиялық міндеттерді іске асыруды жалғастырады, ал жоғарыда аталған өзгерістердің Компанияның өндірістік және коммерциялық қызметіне әсер етпейтінін растайды. Компанияның 2026 жылға арналған барлық болжамды көрсеткіштері, сондай-ақ клиенттер алдындағы міндеттемелері толық көлемде сақталады", - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2023 жылғы қазан айынан бастап "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басқарма төрағасы қызметін Мейіржан Юсупов атқарады.

Анықтама: "Қазатомөнеркәсіп" - Қазақстанның ұлттық атом компаниясы және әлемдегі ең ірі табиғи уран өндірушісі. Компания оны өндірумен және өңдеумен айналысады, сондай-ақ уран мен ядролық отынның экспорты мен импорты бойынша ұлттық оператор саналады. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіреді. Қор - оның бақылаушы акционері: оған акциялардың шамамен 63 пайызы тиесілі. Тағы 12 пайызы Қаржы министрлігіне тиесілі, бірақ "Самұрық-Қазынаның" сенімгерлік басқаруында, қалған 25 пайызы еркін айналымда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды