Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелдік сарапшы Алматының сәулеттік жаңаруына жоғары баға берді

Шетелдік сарапшы Алматының сәулеттік жаңаруына жоғары баға берді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда сәулетшілерді, қала құрылысын жоспарлаушыларды, девелоперлер мен қала әкімдігі өкілдерін біріктірген SHARE Kazakhstan халықаралық форумы өтіп жатыр. Форум аясында сәулет саласындағы коммуникация сарапшысы, SHARE Architects компаниясының негізін қалаушылардың бірі Флорин Миндириджиу Алматының сәулеттік өзгерістеріне оң баға берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, Алматының табиғи ерекшеліктері қаланың сәулеттік дамуына кең мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа жобаларды әзірлеу кезінде табиғи орта, жергілікті ерекшеліктер мен қала тұрғындарының өмір салты ескерілуі маңызды.

«Алматының табиғаты ерекше. Қаланы қоршаған таулар, өзендер мен көркем ландшафт – үлкен артықшылық. Форумда ұсынылған жобаларға қарағанда, сәулетшілер осы ерекшеліктерді ескеріп отыр», – деді Флорин Миндириджиу.

Сарапшы биік ғимараттар салу мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, заманауи құрылыс қаланың табиғи келбетімен үйлесіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етуі керек.

«Биік ғимараттарды қаланың келбетіне төнетін қауіп ретінде қабылдамау керек. Олар табиғатпен үйлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға тиіс», – деді сарапшы.

Ол форумда ұсынылған жобаларда саябақтарға, көгалдандыруға, экологиялық тұрақтылыққа, жұмыс істеу мен демалуға қолайлы кеңістіктер құруға ерекше назар аударылғанын да айтты.

Айта кетейік, бүгін Алматыда SHARE Kazakhstan халықаралық форумының екінші күні өтіп жатыр. Қатысушылар құрылыс тығыздығын оңтайландыру, биік ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық кеңістіктің сапасын арттыру және қаланы одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды