Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Астанада 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан салынып жатқан мектептер туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жүйесін кешенді түрде дамытып жатырмыз. Педагог мамандарын даярлауға басымдық беріп, жаңа оқу орындарын саламыз, сол сияқты педагогикалық мамандықтар бойынша білім алуға гранттар бөлеміз. Мәселен, соңғы жылдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 1,5 мыңға жуық грант бөлінді. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша педагогикалық мамандықтарда 2 мыңға жуық студент білім алып жатыр.

Сонымен қатар, педагог кадрларын даярлау жүйесін дамыту мақсатында Гуманитарлық колледж базасында Педагогикалық институт құрылды. Қазіргі уақытта институтта 4,5 мыңнан астам студент білім алып жүр.

Биыл тоғыз мектеп салып, пайдалануға бердік, тағы екі мектепті осы жылдың соңына дейін ашамыз. Қазір бірқатар білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. 2027 жылдың соңына дейін тағы 21 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл мектептер бір ауысымда 41,5 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Білім беру нысандарының құрылысына жеке инвестициялар да тартып жатырмыз.

Соңғы үш жылда рекордты көрсеткішке қол жеткізіп, 44 мектеп салдық. Оның 24-і Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға бағытталған», – деп жазды елорда әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды