Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңаөзенде ер адамнан есірткі тәркіленді

Жаңаөзенде ер адамнан есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жаңаөзенде полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықты анықтап, 48 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

24 қарашада Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жұлдыз шағын ауданындағы Сақ базарының алдында күдіктіні жеке тінту, сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 1,8 келі, ал апиынның салмағы 18,61 грамм болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды