Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да полицейлер науқас қызды ауруханаға шұғыл жеткізді

БҚО-да полицейлер науқас қызды ауруханаға шұғыл жеткізді
Фото: polisia.kz

Бүгін Батыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауып, өңірде ауа райы күрт өзгерді. Жол беті тайғанақтанып, көлік қозғалысы едәуір қиындай түсті. Осындай қолайсыз жағдайда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген патрульдік полиция қызметкерлері күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал – Ақтөбе тасжолы бойында, Барбастау ауылының тұсында қызметтік міндеттерін атқарып жүрген тәртіп сақшыларының қасына Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтап, жүргізуші салонда ес-түссіз жатқан қыз баланың бар екенін айтқан. Ауа райының қолайсыздығы мен жолдағы қиындықтарға байланысты олар қыз баланы ауруханаға өздері жеткізе алмаған. Жедел жәрдем шақырғанымен, медицина қызметкерлері де ауа райының қолайсыздығынан оқиға орнына жедел жете алмаған. Мұндай сәтте әрбір секундтың маңызы зор.

Адам өміріне қауіп төнгенін түсінген полицейлер бір сәт те кідірместен көмекке кірісті. Взвод командирі Сағындык Умбаев пен инспектор Аңсар Маратов науқас қызды дереу қызметтік көлікке жатқызып, қасында еріп келе жатқан ауыл фельдшерімен бірге Орал қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізіп, дәрігерлердің қолына тапсырды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ем шараларын қабылдауда. Бұл оқиға – полиция қызметінің тек қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен шектелмейтінінің айқын дәлелі. Қандай жағдай болмасын, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмек көрсетіп, өздерінің кәсіби жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттерін тағы бір мәрте көрсетті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды