Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада полицейлер тұрғынның 16 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Қызылордада полицейлер тұрғынның 16 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысының киберполиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алып, жергілікті тұрғынның 16 миллион теңгесін алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз адамдар тұрғынға телефон соғып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар түрлі айла-тәсілдер мен психологиялық қысым көрсетіп, азаматты ақшасын "қауіпсіз есепшотқа" аударуға көндірмек болған. Алаяқтардың сөзіне сенген тұрғын бірнеше банктен өзінің және әйелінің атына жалпы сомасы 16 млн теңге несие рәсімдеп үлгерген. Осыдан кейін алаяқтар оны аталған қаражатты өздері көрсеткен шоттарға аударуға үгіттеген. Алайда күмәнді әрекеттерді байқаған азамат дереу полицияға хабарласқан. Оның өтінішіне жедел ден қойған киберполиция қызметкерлері қажетті шараларды қабылдап, қомақты қаражаттың алаяқтардың қолына түсуіне жол бермеді.

Интернет-алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі психологиялық тәсілдерді қолданады. Олар көбіне адамдарды қорқытып, асығыс шешім қабылдауға итермелейді. Мұндай жағдайда тұрғындар мән-жайды толық анықтамай, алаяқтардың талаптарын орындап қоюы мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері азаматтарды телефонмен хабарласқан бейтаныс адамдардың сөзіне сенбеуге және олардың нұсқауымен ақша аудармауға шақырады. Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, банкке хабарласу қажет. Ал алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда полицияның "102" нөміріне қоңырау шалу керек. Тәртіп сақшылары азаматтарға жеке қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қараудың маңызын еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды