Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Андрей Никитинмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, жүк тасымалы көлемін арттыру, шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту, көлік саласын цифрландыру, әуе қатынасын кеңейту және автомобиль дәліздерін дамыту мәселелеріне назар аударылды.

«Ресей – Қазақстанның негізгі көлік серіктестерінің бірі. Біз тасымал көлемін одан әрі арттыру, шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту және көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін кеңейту бағытында зор әлеует бар екенін көріп отырмыз. Саланы цифрландыруға, заманауи шешімдерді енгізуге және тәжірибе алмасуға ерекше мән береміз. Осы бағыттардағы бірлескен жұмыс көлік саласындағы ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді Әсел Жанасова.

Кездесуде екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемін арттыру мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды. Биылғы жылдың 10 айында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 80,5 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы өтетін Қытай – Еуропа бағыты бойынша транзиттік тасымал көлемі де артып келеді.

Тасымал көлемін одан әрі ұлғайту үшін шекара маңындағы инфрақұрылымды үйлесімді дамыту маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстарға өткен жылы транзит және түйіспе пункттерін дамыту саласында қол қойылған келісімдер негіз болады.

Тараптар көлік саласын цифрландыру мәселесіне де ерекше назар аударды. Қазақстан электрондық құжат айналымын дамытуға, өткізу пункттерінде цифрлық шешімдерді енгізуге және екі елдің ақпараттық жүйелерін интеграциялауға мүдделі. Сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлескен цифрлық жобаларды іске асыруға дайын екені айтылды.

Бұдан бөлек, екі ел арасындағы автомобиль дәліздерін дамыту перспективалары қаралды. Болашағы бар бағыттардың бірі ретінде Қазақстан – Ресей – Моңғолия бағыты бойынша Алтай Республикасы арқылы өтетін маршрут аталды.

Жол саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық та талқыланды. Қазақстан Ресейдің жол шаруашылығын цифрландыру, зияткерлік көлік жүйелерін енгізу, жол жұмыстарының сапасын бақылау, көпірлерді басқару және көлік құралдарының салмақтық-габариттік параметрлерін бақылау бағытындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі. Сонымен қатар ресейлік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен «ҚазжолҒЗИ» АҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға және көлік саласындағы қаралған барлық бағыт бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделі екенін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды