Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның агроөнеркәсіптік өнім экспорты 6,4 млрд доллардан асты

Қазақстанның агроөнеркәсіптік өнім экспорты 6,4 млрд доллардан асты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын ұлғайтып, сыртқы саудада шикізатқа қарағанда өңделген, қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін арттыруға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7%-ға жоғары, былтыр 4,8 млрд доллар болған.

Экспорт құрылымында астықпен қатар өңделген өнімдердің үлесі де артып келеді. Әсіресе күнбағыс майы, ұн және мал азығы өнімдері экспортының өсімі отандық өңдеу кәсіпорындарының әлеуеті кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Атап айтқанда, күнбағыс майының экспорты 470,9 мың тоннадан 661,5 мың тоннаға дейін өсті. Ал экспорттық түсім 474,6 млн доллардан 731,4 млн долларға жетті. Бидай және бидай-қарабидай ұнының экспорты 1,3 млн тоннадан 1,59 млн тоннаға дейін ұлғайып, түсім көлемі 343 млн доллардан 462,2 млн долларға дейін артты.

Мал азығы өнімдері экспорты да айтарлықтай қарқынды. Есепті кезеңде бұл өнімдердің экспорт көлемі 2,85 млн тоннаға, ал құны 662,3 млн долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2,02 млн тонна өнім 425,7 млн долларға экспортталған болатын.

Сонымен бірге астық экспортының көлемі де жоғары деңгейде сақталуда. Тоғыз айда шетелге 6,2 млн тонна бидай мен меслин жеткізіліп, экспорттық түсім 1,42 млрд долларды құрады. Өткен жылы осы уақытта 5,5 млн тонна өнім 1,12 млрд долларға экспортталған болатын. Зығыр тұқымының экспорты 881,7 мың тоннаға жетіп, оның құны 429,3 млн доллар болды.

Өсімдік майы, ұн және мал азығы өнімдері экспортының артуы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ілгерлеушілікті көрсетеді. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге, ішкі өндірістік тізбектерді қалыптастыруға, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Агроөнеркәсіптік кешенде өңдеу саласын дамыту және экспорт құрылымын әртараптандыру Қазақстанның аграрлық саясатының стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды