Алматыда тұрғындар серуендей алатын, көңіл көтеретін, демалатын және спортпен айналысатын қоғамдық кеңістіктерді жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Қала күні отбасылық демалыс саябағы таныстырылды.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жобамен танысты. Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы 4,56 га аумақта ескі саябақтың орнына жаңа саябақ салынады.
Мұнда тек ауданның ғана емес, бүкіл қала тұрғындары отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, жаңа аттракциондарға мінуге, аллеяларда серуендеуге және таза ауада тамақтануға келетін болады. Саябақта 44 аттракцион мен 4 фудкорт болады.
Балалар батутта секіре алады, виртуалды шындық әлеміне енеді, үшінші қиындық деңгейіндегі арқан жолынан өтеді, лабиринттен шығудың жолын табады, өзінің Lego үйін салады және, әрине, туған күнін тойлай алады.
Саябақтың бірегей тұжырымдамасының нәтижесінде оның барлық қонақтары жасына қарамастан көңіл көтере алады. Alem Park — бұл жай ғана саябақ емес, түрлі-түсті шабындықтары, сәулеттік құрылымдары, арқан саябағы, альпинистік қабырға, жайлы кафелер мен басқа да көптеген ойын-сауықтары бар тұтас қала.
Саябақтың негізгі идеясы – көркем табиғат ландшафтын заманауи ойын-сауық технологияларымен үйлестіру, мұнда балалар мен ересектер үшін демалыс пен ойын-сауық біріктіріледі. Әр түрлі мастер-класстар, отбасылық жарыстар, балалар кештері, аниматорлардың қатысуымен ашық ауада ойындар өтеді.
Айта кетерлігі, саябаққа 500-ге жуық ағаш отырғызылады. Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында Алматыда жаңа үлкен демалыс және ойын-сауық саябағы пайда болады, ол тұрғындардың жиналатын орнына айналады, алматылықтардың жайлы тұруы мен демалысын қамтамасыз етеді.
19-09-2021, 17:12
Алматының Наурызбай ауданында отбасылық жаңа Alem Рark демалыс орны салынады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз