Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастырудың жаңа тәсілдері талқыланды. Негізгі назар аулаларға, мектеп пен қоғамдық аймақтарға аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
• Аулалар жүйелі аймақтарға бөлумен жобаланады: балалар алаңдары ауланың ішкі жағында, спорттық аймақтар ортасында болса, ал шаруашылық орындар мен автотұрақтар кіреберіс жақта орналастырылады.
• Ауладағы көгалдандыру жұмыстары күшейтіліп, жапырақты ағаштар отырғызылады.
•Мектеп демалыс аймағына, бақ пен іс-шара өткізуге арналған алаңы бар қоғамдық орталыққа айналады.
•Қалада халықаралық стандарттарға сай заманауи арт-нысандар, муралдар мен өнер кескіндері пайда болады.
«Әрбір аула, мектеп пен саябақ тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз әрі заманауи кеңістікке айналуы тиіс», – деді қала әкімі.Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды қоғамдық кеңістіктерде өнерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді және енгізуді тапсырды.