Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төлем мөлшері қалай белгіленеді?

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төлем мөлшері қалай белгіленеді?
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру төлемдерін есептеу тетігі барынша ашық әрі әділ қағидаттарға негізделген. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау кезінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры орташа көрсеткіштерге емес, азаматтың еңбек жолы мен ресми табысын айқын көрсететін нақты есептеу алгоритміне сүйенеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мынаны түсіну керек: Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Ол жұмыскердің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосқан үлесіне тікелей байланысты.
Азаматтың денсаулығына байланысты толыққанды еңбек ету мүмкіндігі шектелген жағдайда ресми табысы неғұрлым жоғары әрі әлеуметтік аударымдар төленген кезең неғұрлым ұзақ болса, алатын қаржылай қолдауы да соғұрлым жоғары болады.
Ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу кезінде ақпараттық жүйе үш негізгі көрсеткішті ескереді.

Бұрынғы ресми табыс мөлшері. Есептеу үшін соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс негізге алынады. Осы сомадан ең төменгі жалақының жартысы шегеріліп, есептеу үшін қолданылатын табыс базасы айқындалады.

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі. Төленетін әлеуметтік төлем мөлшері медициналық қорытындыға тікелей байланысты. Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің белгіленген пайызы (30%-дан 100%-ға дейін) неғұрлым жоғары болса, Қордан төленетін қаржылай қолдау да соғұрлым артады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі. Ресми еңбек қызметінің тұрақтылығы төлем мөлшерінің артуына тікелей әсер етеді. Жүйеге қатысу өтілі 5 жылға дейін болса, 1,0 базалық коэффициенті қолданылады. Ал одан кейінгі әрбір жыл үшін коэффициентке арттыру көрсеткіші қосылады.
Бұдан бөлек, есептеу кезінде табысты алмастырудың бірыңғай коэффициенті – 0,6 (60%) қолданылады.

Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдер туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда

Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру төлемдерін есептеу тетігі барынша ашық әрі әділ қағидаттарға негізделген.
Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау кезінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры орташа көрсеткіштерге емес, азаматтың еңбек жолы мен ресми табысын айқын көрсететін нақты есептеу алгоритміне сүйенеді.


Мынаны түсіну керек: Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Ол жұмыскердің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосқан үлесіне тікелей байланысты.
Азаматтың денсаулығына байланысты толыққанды еңбек ету мүмкіндігі шектелген жағдайда ресми табысы неғұрлым жоғары әрі әлеуметтік аударымдар төленген кезең неғұрлым ұзақ болса, алатын қаржылай қолдауы да соғұрлым жоғары болады.
Ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу кезінде ақпараттық жүйе үш негізгі көрсеткішті ескереді.

Бұрынғы ресми табыс мөлшері. Есептеу үшін соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс негізге алынады. Осы сомадан ең төменгі жалақының жартысы шегеріліп, есептеу үшін қолданылатын табыс базасы айқындалады.

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі. Төленетін әлеуметтік төлем мөлшері медициналық қорытындыға тікелей байланысты. Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің белгіленген пайызы (30%-дан 100%-ға дейін) неғұрлым жоғары болса, Қордан төленетін қаржылай қолдау да соғұрлым артады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі. Ресми еңбек қызметінің тұрақтылығы төлем мөлшерінің артуына тікелей әсер етеді. Жүйеге қатысу өтілі 5 жылға дейін болса, 1,0 базалық коэффициенті қолданылады. Ал одан кейінгі әрбір жыл үшін коэффициентке арттыру көрсеткіші қосылады.
Бұдан бөлек, есептеу кезінде табысты алмастырудың бірыңғай коэффициенті – 0,6 (60%) қолданылады.


Қарапайым мысал арқылы есептеу тәртібін түсіндірейік.
Мысалы, жұмыс істейтін азаматтың денсаулық жағдайына байланысты мүгедектігінің екінші тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65% болып белгіленді делік.
Оның соңғы екі жылдағы ресми орташа айлық жалақысы 350 000 теңгені, ал Қор жүйесіне қатысу өтілі 9 жылды құраған.
Есептеу үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – есептеу үшін қолданылатын табысты анықтау. Жүйе орташа айлық жалақыдан ең төменгі жалақының жартысын шегереді (2026 жылы бұл сома 42 500 теңгені құрайды):
350 000 – 42 500 = 307 500 теңге.

Екінші кезең – жеке коэффициенттерді қолдану. Алынған сомаға табысты алмастыру коэффициенті (0,6), еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (65%) және тоғыз жылдық сақтандыру өтілі үшін белгіленген арттыру коэффициенті (1,08) қолданылады.

Үшінші кезең – қорытынды төлем мөлшерін есептеу. Осылайша, Қордан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем 129 519 теңгені құрайды.


Бұл қаражат республикалық бюджеттен төленетін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша берілетінін түсіну керек. 2026 жылы мүгедектіктің екінші тобы бойынша аталған жәрдемақы мөлшері 89 498 теңгені құрайды.
Осылайша, азамат зейнеткерлік жасқа толғанға дейін ай сайын жалпы сомасы 219 017 теңге көлемінде қолдау алады. Бұл – ресми жұмыспен қамтылу әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда жұмыскердің қаржылық қорғалу деңгейін екі еседен астам арттыратынын көрсететін нақты мысал.

Есептеу үдерісі толықтай цифрландырылған және адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Жүйе мемлекеттік дерекқорлардан әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтерді өздігінен жинақтап, төлем мөлшерін дәл есептейді.
Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық өзінің әлеуметтік аударымдарын eGov Mobile қосымшасы арқылы бірнеше қадаммен тексеріп, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы ақпарат ала алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды