Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» кәсіби шеберліктің XI республикалық чемпионаты басталды

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» кәсіби шеберліктің XI республикалық чемпионаты басталды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Елордада еліміздің барлық өңірінен келген 840-тан астам конкурсант пен мыңға жуық сарапшының басын қосқан «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионатының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және білікті кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. 2027 жылдың Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы болып жариялануына орай жастардың кәсіби дағдыларын дамыту ерекше маңызға ие.

Салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысып, чемпионаттың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы маңызын атап өтті және қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыстар алты бағытты қамтитын 44 құзыреттілік бойынша өтеді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, көлік және логистика, әлеуметтік және жеке қызметтер, креативті индустриялар мен дизайн, құрылыс технологиялары бар.

Биылғы чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі - жекелеген конкурстық тапсырмаларда жасанды интеллект құралдарының қолданылуы. Бұл қатысушыларға кәсіби міндеттерді орындауда заманауи цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Сайыстар 26-28 қараша аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 30 қарашада өтеді. Чемпионаттың ұйымдастырушысы - Оқу-ағарту министрлігі, ұлттық операторы - «Talap» КеАҚ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды