Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында "Жусан" операциясымен оралған қазақстандықтарға көмек көрсетілуде

Алты жүзден аса қазақстандық "Жусан" операциясының арқасында соғыс алаңынан елге оралды. Отанына оралғандардың 400-ден астамы балалар. Бүгінде ел билегі оларды эвокуациялаумен ғана шектеліп отырған жоқ. Бейімдеу жұмыстарын да қатар жүргізуде. Конституция күніне орай Алматы облысында да оңалту жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Шеттен елге оралған әйелдер мен олардың балаларына арнап Алматы облысында тур ұйымдастырылды. Екі күнге созылған рухани-танымдық экскурсияда олар Көлсай, Қайынды мен  Шарын шатқалының табиғатын тамашалап қайтты. Іс-шара  деструктивті діни иделогияның алдын алуға бағытталған. 

"Енді бұл шараны өткізудегі басты мақсат. Бұл біздің орталық тарапынан кешенді оңалту жұмыстарының бір тиімді тәсілдері болып табылады. Себебі өздеріңізге белгілі теологиялық оңалтумен қатар. Осындай ақпараттық танымдық турлар ұйымдастыру бұл біздің жұмысқа қолайлы деген өзімізде осындай сенім бар. Енді үміт ақталды. Қатысушылар дән риза" - деді діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының директор орынбасары - Даулет Казыкенов.

Танымдық экскурцияның мақсаты діни идеологияға қарсы иммуниет қалыптастыру. Азаматтарды діни және психологиялық тұрғыдан сауықтыру. Шара діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бастамасымен, Облыстық дін істері басқармасының қолдауымен өтті. «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің білікті ұстазы қатысушыларға теологиялық дәрістер мен тимбилдинг өткізді.

"Қорытынды ретінде қарайтын болсақ, біраз әсерін алып жатыр.  Біраз білім алып жатыр. Рухани жағынан да керемет азық алды. Сондай тыныштық алды. Рухани тыныштық та үлкен бір құндылықтардың біреусі ғой. Сондықтан да сіздерге алғысымызды білдіреміз. Қыздардың өздері де сондай риза екені көрініп тұр. Алла разы болсын" - деп айтты "Нұр-Мүбәрак" ЕИМУ ұстазы Айгерім Қалқаева.

"Біз Алматы облыстық дін басқармасына алғыс айтқымыз келеді. Арнайы біз үшін осындай керемет тур ұйымдастырғанына. Жақсы әсер алдық. Осы облыста тұрсақта мынадай табиғаты тамаша Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалын алғаш көруіміз. Уақытымыз көңілді өтті. Әрі діни дәріс алдық. Бұл біз үшін пайдалы болды. Әрі барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтағым келеді" - дейді Татьяна Зенина.

«Жусан» операциясы негізінде жетісулық 53 азамат елге оралған. Бұл жолы танымдық шараға олардың 18 -і шақыртылды. Жеті әйел мен 11 бала психологиялық қолдау алды. Алдағы уақытта да өңірде мұндай оңалту жұмыстары жалғаспақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді