Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балалар травматологиялық пунктінің жаңа корпусы пациенттерді қабылдай бастады

Астанада балалар травматологиялық пунктінің жаңа корпусы пациенттерді қабылдай бастады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында травматологиялық пункттің жаңа корпусы пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа нысан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, диагноз қоюды жеделдетуге және кішкентай пациенттерді емдеу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша ғимараттың жалпы ауданы – 2 678,32 шаршы метр. Мұнда реанимациялық зал, операциялық блок, компьютерлік томография және рентгендік диагностика кабинеттері қарастырылған. Заманауи медициналық жабдықтар қажетті тексерулерді жүргізіп, мамандандырылған көмекті қысқа мерзімде көрсетуге мүмкіндік береді.

Травматологиялық пунктті кеңейту қажеттілігі медициналық мекемеге түсетін жүктеменің жоғары болуымен байланысты. Мұнда күн сайын түрлі жарақаттармен шамамен 400 бала жүгінеді. Тек 2025 жылдың өзінде 112 775 өтініш тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға артқан.

Инфрақұрылымды кеңейту пациенттерді қабылдау және бағыттау жүйесін жетілдіруге, тексеру мен емдеу үдерістерін оңтайландыруға, сондай-ақ медициналық көмек алу үшін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Шұғыл медициналық көмек травматологтар, хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар және диагностикалық қызмет мамандарынан құралған топтың қатысуымен жүзеге асырылады.

Жаңа корпустың ашылуы – Астанадағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Қосымша ғимарат, заманауи жабдықтар мен кеңейтілген мүмкіндіктер пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға, ең бастысы, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды