Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының дін істері басқармасының футболдан турнирі басталды

Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасы, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен аудан, қала мешітінің жамағаттары арасында шағын футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Турнирдің ашылу салтанатына Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ниет Бауыржан Амангелдіұлы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

 

Турнир ел Тәуелсіздігінің және Конституция күнінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Турнирде өңірдің аудан, қала мешіттері жамағаттарынан құралған 18 команда бақ сынауда. Турнирдің жалпы жүлде қоры ретінде І орын – 400 мың теңге, ІІ орын – 300 мың теңге және ІІІ орынға – 200 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалды.

“Негізінде уағыз-насихат ұлттық, патриоттық, зайырлылық бағытында жүргізілуі керек. Біздегі теріс бағыттағы діни ағымдар ұлттық салт-дәстүрді шариғатқа қарсы деп қабылдамайды. Алайда неге араб халқының өзі дінмен бірге дәстүрін де қоса ұмытпайды? Сол үшін жастарды дәстүрді сыйлайтындай етіп тәрбиелеуіміз керек. Ол жерде спортты насихаттау ерекше орын алады. Біз алдағы уақыттада осындай іс-шараларды ұйымдастырамыз” – деді Дін істері басқармасының басшысы Ниет Бауыржан ашылу салтанатында.

Оған қоса, ағымдағы жылдың 28-29 тамыз күндері аралығында Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жусан опреациясы аясында кайтарылған азаматшалармен 2 күндік тур өтті. Шара аясында басқарма жанындағы «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ қызметкерлерінің жетекшілігімен Кеген, Ұйғыр аудандарындағы Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалына рухани-танымдық экскурсия жасалды.

Сондай-ақ, азаматшалар «Менің туым – менің Отаным» тақырыбындағы эстафета-челленджді Қарағанды облысына жолдады.


Соңғы аптада діни бірлестік жетекшілерінің клуб отырысы аясында үстел теннисінен турнир де өтті. Аталған шара 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай діни бірлестер өкілдері арасында ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – конфессияаралық және этносаралық толеранттылықты, діндерге деген құрметті қалыптастыру. Сонымен қатар, түрлі конфессия өкілдері арасында түсіністік пен өзара іс-қимылды арттыруға ықпал ету.

Жалпы саны 20 адам қатысқан турнир соңында жүлдегерлер диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды. Турнир қорытындысына сәйкес, жүлделі І орынды Қанат Амангелдіұлы жеңіп алып, диплом және 50 мың теңгенің сертификатымен марапатталса, Арнур Әбішев ІІ орын дипломы мен 30 мың теңгенің, ал Мейіржан Толусбаев ІІІ орын диломы мен 20 мың теңгенің сертификатыне ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді