Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында діни бағытта 21 ақпараттық-түсіндіру тобы қарқынды жұмыс істеуде

Дін істері басқармасы тарапынан халықты интернет кеңістігі арқылы лаңкестік, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясына тарту жағдайларын азайту мақсатындағы жұмыс белсенді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Негізгі 3 бағыт бойынша жүргізілуде:

Бірінші бағыт, әлеуметтік желідегі парақшалар мен «YouTube» каналында қарсы насихат, ақпараттық түсіндіру жұмыстары.

Екінші бағыт, интернет кеңістігіндегі деструктивті сипаттағы контент қолданушыларымен жұмыс:

Үшінші бағыт, «Киберқадағалау» жүйесі арқылы заңға қайшы, деструктивті сипаты бар контенттерді бұғаттау.

Бұл бағытта басқарманың және оған қарасты құрылымдық орталықтардың «Facebook», «Vkontakte», «Instagram», әлеуметтік желілеріндегі «Дін істері орталығы», «dinisteri_almobl» және 17 аудан, 3 қаладағы мамандардың ресми парақшаларында «Үou tube» каналдарында жыл басынан 8800 материал жарияланды. Оның, 495 мақала, 855 бейнебаян, 183 демотиватор, 7265  ақпараттық материал. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың 7 айымен салыстырғанда 95,3 % артып отыр.

Whatsapp, Телеграм мессенджерлеріндегі Басқарма тарапынан ашылған «Дін мәселелері», «Дінтанушылар», «Ақпараттық-түсіндіру тобы», «Руководители РО», Имамдар қауымдастығы тарапынан ашылған «Рухани азық», «Жетісу жамағаты», «Қарасай жамағаты», «Тағылым», «Сұрақ-жауап» т.б. топтарында  айдың ішінде 8000-нан аса ақпарат жайғастырылып, 2020 жылдың  айлық көрсеткішімен  салыстырғанда 42,5% артқаны байқалады.

Сонымен қатар, облыстың 21 ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерін және РАТТ құрамындағы Қайрат Құрманбаев, Ризабек Батталұлы, Жарас Ахан, Оралхан Сейдманов, Жалғас Сандыбаев, Исатай Бердалиев, Жанна Қаңтарбаева, Елнар Берікбаевтарды тарта отырып жыл басынан 460 мыңға жуық адамды қамтыған 1325 іс-шара өткізілсе, оның 1094 онлайн форматта, әлеуметік желі және «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, құрылымдық орталықтың жеке студиясында бекітілген жоспарға сәйкес Асқар Әкімханов, Нұржан Стамбакиев, Нұржан Смағұлов, Қайрат Құрманбаев, Айша Кеңесбай сынды «Нұр Мүбарак» университетінің ұстаздары, профессорлық құрамын, РАТТ мүшесі Ризабек Батталұлы, Исатай Бердалиевтарды «Дін сақшы» бағдарламасына шақыру арқылы түрлі тақырыптарды қамтыған 26  түсірілім жүргізіліп, әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүктелді. Қаралым саны 170 мыңды құрады.

Үш жыл қатарынан өңірге белгілі журналист Жұмахмет Жайлаубайдың жеке авторлық жұмысы аясында «Ғибрат» бағдарламасы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Аталған бағдарламаға сәйкес 11 тақырыптық түсірілім жасалып, барлық ресми парақшалар арқылы тұрғындар назарына ұсынылуда. Бүгінгі күні қаралым саны 56 200 құрап, шығарылымдардың бірқатары тұрғындар тарапынан жағымды пікірге  ие болып жатыр.

Бұдан бөлек, жыл басынан басқарма тапсырысымен облыстық «Жетісу» телеарнасы алаңында «Нұр Мүбарак» университеті жанындағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының» директоры  Тимур Нүсіпханұлының жүргізуімен «Бүгінгі дін» авторлық рухани-танымдық бағдарламасы түсіріліп, көрсетілуде.

«Жетісу» телеарнасы арқылы халықтың назарына ұсынылып, қаралым көрсеткіші облыс тұрғындарының 80%  құрады.

Тағы да, 2021 жылы жаңа интернет-жоба «BAQyLIKE» жеке ақпараттық-танымдық бағдарламасы қолға алынып, түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Қаратал, Кербұлақ, Ұйғыр аудандары мен Текелі қаласы туралы 4 шығарылым түсіріліп, ресми аккаунттарда жарияланды.

Бұл жобадан бөлек, Басқарманың әлеуметтік тапсырыс аясында түсірілген 26 бейнеролик, 2 қысқа метражды фильм, 2 деректі фильм және Басқарма тарапынан ұйымдастырылған бейнероликтер байқауына ұсынылған 20 ролик, соның ішінде үздік деп танылған «Жусан», «Блогер» бейнероликтері, еліміздегі дәстүрлі емес салафизм діни ағымының ұстанушылары болған адепттердің қатысуымен, олардың дінге келуі мен қателіктері туралы арнайы бейне роликтер де «You Tube» арнасына жүктелді. Бейнероликтер мен деректі фильмдер АТТ құрамына ақпараттық-түсіндіру шараларында қолдану мақсатында ұсынылып, облыс тұрғындары оң бағасын беруде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті