Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда діни сауаттылық қалыптастыру мақсатындағы шара өткізілді

Діни сана қалыптастыру қазіргі қоғамдағы аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда тамыздың 16 жұлдызы дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен Орал қаласының дінтану, тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сонымен қатар спорт жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері, еріктілер, экстремизм және терроризм бабымен сотталған азаматтар,  мешіт жамағаты, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, «Жусан» операциясы аясында өңірге қайтарылған әйелдер, облыстық прокуратура, әділет департаменті, дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, Бөрлі ауданында деструктивті діни ағымдар жақтастары және Сырым ауданының мешіт жамағаты да қатысты.

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен оздырылған семинарға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының төрағасы А.Тулепов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі К.Тышхан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы, философия ғылымдарының кандидаты Сандыбаев Жалғас Садуахасұлы, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков қатысты. Шараның басты мақсаты мұғалімдер арасында діни сауаттылықты арттыру, қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру,  мемлекеттің зайырлылық қағидаттары мен конфессияаралық келісімді нығайту, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және ілгерілету болып табылады.

Дін тақырыбында ой қозғап, оқушыларға сауат ашуда көмек беретін мұғалімдер жұмысында үнемі ізденіс үстінде болу қажет. Және осы орайда мұғалімдерді оқыту, біліктілік семинарларынан өткізу, білімін жетілдіру, олардың қызметіне қолайлы жағдайларды қарастыру өте маңызды. Бала тәрбиесіндегі мұғалім рөлі және оның жауапкершілігі өте жоғары екендігін айтпаса да белгілі. Сондықтан осындай шаралар легі көбейіп, қоғамда діни сауатты жастар санын көбейту басты назарға алынып отыр. Алдағы уақытта аталмыш шараға ұқсас дін тақырыбында түрлі шаралар, дөңгелек үстелдер  өткізу қолға алынбақ.

Сакауова Сандуғаш Нұрланқызы:

Жалпы қандай да болмасын тақырыпта кеңесті, ақпаратты өз маманынан алған дұрыс. Сол себепті пән мұғалімдеріне нағыз мамандар сабақ өткізіп, біліктіліктерін арттырған дұрыс деп білемін. Дін тақырыбы өте ауқымды болғандықтан терең білімді қажет етеді. Діни сауаттылықты арттыру негізі отбасынан,  ата-ана тәрбиесінен бастау алуы керек. Жалпы діни сана қалыптастыруды арттыру мақсатында дін тақыбындағы кездесулер, оқыту семинарлары,  дәрістер, акциялар, шығармашылық конкурстар өткізуге болады.


Айбарша ЛЕКЕРОВА
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты