Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында әйелдер қауымын деструктивті идеологиядан сақтандыру қандай жолдармен жүзеге асырылуда

Алматы облысының дін істері басқармасының әйелдер контингентіндегі деструктивті идеология профилактикасы және оңалту бөлімінің бастығы Жазылбекова Алия Бауыржанқызы, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Алия Бауыржанқызы, діни көзқарастың бірнеше топқа бөліне бастауынан қазақтың өзі ішінара жікке бөліне бастады. Ал бұл өз кезегінде ұлттың ыдырауына әкелетіні анық. Қазіргі таңда дәстүрлі емес дінді ұстанушы ер азаматтар қатарынан, әйелдерді де байқап жүрміз. Себебі неде?

Әйелдердің әлеуметтік жағдайларын, бір-біріне ықпал ету деңгейлерін, дінге қатынасын анықтау мақсатында үнемі зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде әйелдер ортасындағы рухани сананың даму барысын және  дінге қатынасын айқындап қызмет бағыттарында нәтижелі болжаулар құруға оң септігін тигізеді. Жұмыс барысында байқағанымыздай әйелдердің дәстүрлі емес діни көзқарасты ұстануларының басты себебі, діни білімдерінің төмендігі, тіптен болмауы. Бұл өз кезегінде ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерден және ерлерінен жеткен діни ақпараттарды сараптауға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар «ер азаматының разылығын алу принципімен» тек солардың көзқарасымен ғана жүру, ұсынылған ақпараттарға анализ жасамау, қоғамнан оқшауланудың көрінісі. Кез келген әйел – өз отбасының қорғаны, ұйытқысы, ұрпақ тәрбиелеуші. Аналарымыздың теріс діни ағымдарға бойұсынуына жол бермей, оның ықпалынан арашалау, болдырмаудың жолын қарастыру бүгінгі күні маңызды жұмысымыздың бірі.

- Осы орайда Алматы облысында әйелдер қауымын деструктивті идеологиядан сақтандыру қандай жолдармен жүзеге асырылуда?

- Деструктивті және радикалды көзқарасты ұстанушылардың өз орталарын ер азаматтармен қана толтырып қоймай, өз құрықтарына әйелдер қауымын да тартып жатқаны белгілі. Қазақ әйелі, жалпы әйел заты ұлтының айнасы, болашақ ұрпақтың анысы дейтін болсақ, аналарымыздың діни сауатты болуы  маңызды. Алматы облысында әйелдер қауымымен, оның ішінде теріс діни ағымына бой ұсынған әйелдермен жұмыс бірнеше бағытта өрбуде. Біріншісі- жалпы әйелдер аудиториясына, мешіттегі әйелдер жамағаттарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, бұл көп жағдайда топтық форматта жүзеге асырылады. Екіншісі – жеке, нүктелі жүргізілетін экстремистік идеологияның профилактикасы және деструктивті, радикалды көзқарастың әсерінен арылту, яғни дерадикализация жұмыстары.  Осы кезекте облысымызда офлайн форматта өткізілген «Үлгілі жар, үлгілі келін және үлгілі ана», «Қош келдің, Наурыз!» атты облыстық байқаулар, «Әйел даналығы-рухани құндылықтың алтын арқауы», «Білікті білім жинап, кәсіпкер бол!», «Салиқалы әйел-ұлт тәрбиешісі» тақырыптарында семинар-треннингтер, «Зайырлы қоғамдағы рухани құндылықтар және әйел мәртебесі» кездесу, «Ынтымағы жарасқан-Қазақстан» атты  спартакиаданы атап өтуге болады. Осындай профилактикалық іс-шаралар, кездесулер, семинар-тренингтер қоғамда әйелдердің ұлт тәрбиесіндегі алатын маңызды орнын айғақтап, өскелең ұрпақтың дұрыс бағытта өмір сүруіне оң ықпалын тигізетіні анық. Біз осы бағыттағы жұмысымызды бұдан әрі жалғастыратын боламыз.

- Еліміздегі корантиндік жағдайға байланысты жұмыс бағыттарыңыз қалай өзгеруде? 
Әрине, ақпараттық түсіндіру, алдын алу жұмыстары кешенді, жүйелі жүргізілуде.  Кездесулер, іс-шаралар  офлайн форматта ғана емес, онлайн түрде де, әлеуметтік желінің мүмкіндігін қолдана отырып аудиовизуалды түрде де жүзеге асуда. ZOOM қосымшасы арқылы әйелдер қауымына «Дін мен дәстүр ұштастығы», «Бала тәрбиесі: ислам және психология» тақырыптарында онлайн-кездесулер, топтық онлайн-брифинг, «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды онлайн-батл ұйымдастырылды. Байланыс орнатылған азаматшаларға облыстық дін істері басқармасының кітапханасындағы кітаптар pdf форматында жіберілуде.  Сонымен қатар біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы жаңалықтар, постерлер, алдын алу шараларының жұмысы күнделікті жариялануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді