Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жылыту маусымы 23 қыркүйекте басталады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаулыға сәйкес, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады.

Еске сала кетейік, елордада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған болатын. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандардың дайындығы 100% құрайды.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда жеткілікті қор көлемі бар.

Қала әкімі бұған дейін хабарлағандай, «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың күзінде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Бұл елді мекендерді жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді