Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында шалғай ауылға көгілдір отын берілді

Ақтөбе облысында шалғай ауылға көгілдір отын берілді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ырғыз ауданындағы Жарма ауылының тұрғындары бұл күнді асыға күтті. 52 түтін, 336 тұрғын тұратын ауылда енді табиғи газ бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарихы жарты ғасырдан асатын Жарма ауылы Ырғыз ауданының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан. Қыста көмір тасып, отын жағып келген елдімекен тұрғындары күні кеше газ құбырының салтанатты түрде іске қосылу шарасының куәсі болды. Жармалықтардың қуанышымен аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев бөлісті. Ақсақалдар баталарын беріп, әжелер тәттіден шашу шашты.

«Тілегіміз орындалып келе жатыр — суымыз бар, газымыз бар, жарығымыз бар. Барша ағайынға алғысымыз шексіз. Бақытты болыңыздар, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын. Ең бастысы — халқымыз аман, деніміз сау болсын. Ынтымағымыз артып, әр күніміз шаттыққа толы болғай», - деп 88 жастағы ауыл ақсақалы Кеңес Дауылбаев ізгі тілегін жеткізді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінде аудан тұрғындарының 81,1%-ы табиғи газбен қамтылған. Бұл – мемлекет қолдауының, ауыл өмірін жақсартуға деген нақты қадамның нәтижесі. Келешекте аудан бойынша газдандыру жұмыстары жалғаса бермек.

Ал Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 28 ауылға газ тартылады. Жоспар бойынша 14 елді мекен көгілдір отын желісіне тамыз айының соңына дейін қосылуы тиіс. Осылайша, облыста газбен қамтылған елді мекендер саны 200-ге жетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті