Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау: Премьер-министр өнімнің үздіксіз қадағалануын қамтамасыз етуді тапсырды

Мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау: Премьер-министр өнімнің үздіксіз қадағалануын қамтамасыз етуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы саланы цифрландыру үдерістері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасаса, саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді.

Премьер-министр өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым қажет екенін, сонымен бірге аурулардың алдын алу мақсатында уақтылы ветеринариялық вакцинациялау үшін жағдайлар жасалуы тиіс екенін атап өтті. Ашықтықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау және есепке алу тиімділігін арттыру үшін процестерді цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

«Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін  негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар  сырттан әкелінетін мал өнімдеріне  бақылауды күшейту қажет. Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде   ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс. Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері   цифрлық платформаларға интеграциялануы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Олжас Бектенов барлық өңірлерде сапалы және қолжетімді ветеринариялық құралдар жеткілікті көлемде болуы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне  өңір әкімдіктерімен бірлесіп,   осы жылдың 1-қарашасына дейін  ауыл шаруашылығы жануарларының деректер базасына верификациялау міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына байланысты барлық процестерді жүз пайыз цифрландыру тапсырылды. Сондай-ақ үздіксіз қадағалап отыру жүйесін енгізіп,   деректер базаларының барлығын бірыңғай цифрлық платформаға интеграциялау міндеті қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады