Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын интеграциялау арқылы туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құруды тапсырды

Олжас Бектенов курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын интеграциялау арқылы туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құруды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы цифрландыру мәселесі қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министр туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. 

«Цифрландыру – туристік саланы дамытудың тағы бір маңызды бағыты. Туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру мәселесі пісіп-жетілді. Осы орайда TravelStan қосымшасының жасалуы – өте өзекті. Сервис нарықтың барлық қатысушыларын біріктіре отырып, туристердің сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуіне кепілдік береді. Өткен жылы Your tourist pass жобасы басталды. Бұл құрал QR-кодты сканерлеу арқылы ұлттық туристік порталға, eQonaq көші-қон сервисіне, такси қызметіне және басқа да пайдалы ресурстарға бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұған қоса, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал Tax Free пилоттық жобасы да жақсы нәтиже көрсетіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын цифрландыруға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ ұлттық туристік порталға кіруге мүмкіндік беретін QR-кодтарды әуежайларда, вокзалдар мен шекара бекеттерінде, туристер көп жиналатын жерлерде орналастыру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің алдына Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Tax Free» тетігін енгізудің нақты алгоритмін әзірлеу міндеті қойылды. Бұл құралды туристерге ыңғайлы болуы үшін, әсіресе әуежайларда қаражатты қайтару тетігін іске асыру үшін толығымен цифрландырып, автоматтандыру керек.

Виза мәселесіне ерекше назар аударылды. Өтінімдер берудің барлық рәсімдерін толығымен цифрландыру арқылы Neo Nomad Visa-ны танымал ету тапсырылды. Туризм және спорт министрлігі Мәдениет, Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, ел ішінде және шетелдерде Қазақстанның туристік әлеуеті туралы белсенді ақпараттық науқан жүргізуді қамтамасыз етсін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді