Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте әділет органдарын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте әділет органдарын дамыту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік басқару жүйесін бюрократиядан арылту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, әділет органдарын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жүйені жаңғырту жөніндегі жоспарлар туралы баяндама жасады, әділет органдарын цифрландыру туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады. Сондай-ақ Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбайға, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Айдос Иманбаевқа, Қазақстандық репрографиялық құқық және бейнелеу өнері туындылары қоғамының жетекшісі Ринат Абдухаликовке, Қазақстандық IT-компаниялар басшыларына сөз берілді.

Бүгінгі таңда Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтің 94 түрін көрсетеді, оның 35-і толық автоматтандырылған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Премьер-министрге өткен жылы халық 14 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алғанын, оның 87,7%-ы электронды форматта болғанын баяндады.

Премьер-министр бюрократиялық рәсімдерді жеңілдету және сот жүйесіне цифрлық шешімдер енгізудің маңыздылығын атап өтті. 

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық салада цифрландырудың біртұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыс жаппай жүргізілуде. Әділет органдарын дамыту мен цифрландыру – мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған аса маңызды үдеріс. Осы орайда, жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты. Бұл – бюрократиядан арылтудың негізгі әдістерінің бірі. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін цифрлық технологиялардың әлеуетін түгел пайдалану қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Робот – сот орындаушысы» жобасын іске қосу арқылы аталған цифрлық шешімді қолдану нәтижелері қаралды. Мәселен, робот іске қосылған 2024 жылдың тамыз айынан бері 125 мыңнан астам құжат орындалған. Ал, рәсімдерден өту кезінде азаматтар 600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеген.

Премьер-министр Әділет министрлігіне атқару құжаттарының оңайлатылған тәртіппен орындауға болатын тізбесін кеңейтуді тапсырды, бұл – сот актілерін орындаудың тиімділігін арттырады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті. Шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

«Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты», — деді Премьер-министр.

Премьер-министр нотариат саласында жүйелі өзгерістер қажет екенін, атап айтқанда, Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін атқарушылық жазба жасау тетігін жетілдіру керек екенін атап өтті. Сондай-ақ Премьер-министр заң шығару қызметіне қатаң мониторинг жасап, оны үйлестіруді күшейту міндетін қойды. Бұл ретте цифрландыру және бюрократиядан арылту маңызды бағыттар болып қала береді, ұсынылған тәсілдер басқа мемлекеттік органдардың жұмыстарында да қолданылуы керек. Бұл іске кәсіби қауымдастықтарды, IT-компаниялар мен сарапшыларды тарту қажеттігі атап өтілді.

Олжас Бектенов заң консультанттарының қызметін реттеу шеңберінде мамандарға қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың біліктілігін, азаматтыққа қойылатын талаптар, қызметтің бірыңғай стандарттарын белгілеуді қайта қарауды тапсырды. Келісілген ұсыныстар бірінші жартыжылдықтың соңына дейін Үкіметке енгізілу қажет.

Премьер-министр құқықтық ағартуды дамытудың және әрбір азаматтың қажетті ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Ол үшін «Әділет», Эталондық бақылау банкі, «E-ZanKomegi» және «eOtinish» ақпараттық жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ кеңес беру ісін автоматтандыру үшін чат-бот енгізуді жеделдету тапсырылды. Жалпы, Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды және ІТ саласындағы тәжірибелі мамандар тарта отырып, бюрократиядан арылту және бизнес-процестерді реинжинирингтеу арқылы жасанды интеллект элементтерін енгізуді жалғастыруы қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты